Павлодар облысында қос азаматтықтың 160 фактісі анықталды

30 Қыркүйек 2021, 04:42
3798
Бөлісу:
Павлодар облысында қос азаматтықтың 160 фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында қос азаматтықтың 160 фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта павлодарлық ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Жылдың басынан бастап Павлодар облысында 1 726 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. 160 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 32-сі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды, – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.

Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан Республикасының азаматтары басқа мемлекеттің, негізінен Ресей Федерациясының азаматтығын ала отырып, Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланатын үрдіс өсіп келеді. Мемлекеттік шекараны кесіп өту, билет сатып алу және т.б. кезінде, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес әртүрлі себептер бойынша 30 күн мерзімде бұл туралы Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Астрахань, Қазан қалаларында орналасқан полиция органдарына немесе ҚР СІМ-нің шет елдердегі мекемелеріне хабарламайды.

Өткен жылы тартылғандардың басым бөлігі 1990 жылдың аяғынан, 2000 жылдардың басынан бастап екі мемлекетте зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын зейнеткерлік жастағы азаматтар болды. Тиісінше, олар ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онда 200 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу көзделген. Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланғаны үшін ҚР азаматтығынан айырылған тұлғаларға 100 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған, – деп түсіндірді Уәлиев.

Мәселен, 2002 жылдан бастап Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын 60 жастағы әйел бұл туралы полиция органдарына хабарламаған, оның үстіне 2006 жылы қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ҚР куәлігімен құжатталған, басқа жағдайда 57 жастағы азамат Нидерланд Корольдігінің азаматтығын алған, 2003 жылы бұл туралы тиісті органдарға хабарламаған, сонымен қатар Қазақстан Республикасының паспортымен мемлекеттік шекараны кесіп өткен, осыған байланысты екеуі де ҚР ӘҚБК 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.



Өзгелердің жаңалығы