Павлодар облысында карантин шаралары қатаңдатылды

16 Қазан 2020, 17:20
1144
Бөлісу:
Павлодар облысында карантин шаралары қатаңдатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиев коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Ертіс өңірінде карантин шараларын одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады.

Қабылданған қаулыға сәйкес, күшейтілген шаралар 18 қазан күні сағат 00.00-де күшіне енеді. 

Сонымен қатар құжатта ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану орындарына (ашық ауада қызмет көрсетуді қоспағанда) сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілетіні жазылған. Нысанның толымдылығы 30 орыннан аспауы, әлеуметтік ара қашықтық және үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық, бір үстел басына 4-6 адамнан отырғызу талаптары сақталуы тиіс. 

Бұдан бөлек, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да іс-шараларға тыйым салынады. 

Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі. 

Ал фитнес-орталықтардың, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметтері 30 пайыздық толымдылықпен сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. 

Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмыс уақыты сағат 18.00-ге дейін ғана болады.


Өзгелердің жаңалығы