Павлодар облысына да карантин енгізіледі

12 Сәуір 2020, 09:24
1688
Бөлісу:
Павлодар облысына да карантин енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 2020 жылғы 13 сәуірде сағат 00.00-ден бастап карантин енгізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Зәмзәгүл Дощанова ресми қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес Павлодар облысының аумағында 2020 жылғы 13 сәуірде сағат 00.00-ден бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызметтердің және тұрғындар өмірінің ерекше шарттарымен карантин режимі енгізіледі.

Павлодар облысының әкімдігі, полиция департаменті және барлық мүдделі мемлекеттік органдар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін; медициналық көрсеткіштер бойынша шығатын және келетін адамдарға; карантинді енгізу кезеңінде стационарларда және карантиндік және провизорлық стационарларда емделуде жүрген адамдарға; шұғыл мамандандырылған көмекке мұқтаж азаматтарға; карантиндік шараларды қабылдау шартымен растайтын құжаты (анықтама, жеделхат және т. б.) болған кезде жақындарының қайтыс болуына байланысты кететін/келетін адамдарға; растайтын құжатты ұсынған кезде көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын, байланыс объектілерінің қызметін жүргізуге тартылған адамдарды қоспағанда, облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың аумағына шығуына және кіруіне тыйым салынады деп атап көрсетілген құжатта.

Сондай ақ авариялық-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін анықтау; кварталдар мен секторларға бөліп, облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың блок-бекеттерін белгілей отырып, карантиндік аймақта жүруді шектеу; КВИ індеті тіркелген аумақтарды полиция департаментінің қызметкерлерін тарта отырып қоршау; облыстың ауылдық аймақтарында әуежайдың, темір жол вокзалдарының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін тоқтата тұру, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тіркелмеген тасымалдауға тыйым салу; төтенше жағдай кезінде зейнетақы, АӘК және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға қажеттілігі бар жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған және осы санаттағы тұлғалар үшін өзге де қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелердің үй-жайларын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер филиалдарының, бөлімшелерінің және "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің үй-жайларын жабу; үй-жайларда осы санаттағы адамдардың күту аймағында 2 метр қашықтықты белгілеу, міндетті маскалық режимді және санитайзерлерді орнатуды қамтамасыз ету көзделген.

Бұған қоса қаулыда уәкілетті ұйымдардың шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тоқтата тұру; дезинфекциялық режимді күшейте отырып, ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді, АЖС сату объектілерін қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің (ломбардтар, қоғамдық тамақтану объектілері, санаторийлер мен профилакторийлер, кальяндар, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, театрлар, балалар орталықтары, фитнес және жаттықтыру залдары, спорт кешендері, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары, компьютерлік және ойын клубтары, бильярд, боулинг-орталықтары, бассейндер, сауналар, моншалар, демалыс базалары, ТҚС, вулканизация объектілері, автожуу және т. б.) қызметін тоқтата тұру; ірі сауда объектілерінің, жәрмеңкелердің, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар рыноктарының, автомобиль, заттай және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұру; транзиттік жүктерді қоспағанда, қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру; полиция департаментінің, қорғаныс департаментінің күштерін тарта отырып, карантиндік аумақты патрульдеу; діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұру; тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сату бойынша объектілердің жұмыс режимін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеу; облыстың, қалалардың, аудандардың және ауылдық аймақтардың ішінде жеке көліктің орнын ауыстыруды шектеу; азық-түлікті, бірінші кезектегі қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеу; растайтын құжатты көрсеткен кезде жұмысқа шығу; тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; 65 жастан асқан адамдарға және еріп жүруінсіз он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден шығуға тыйым салу; адамдардың жаппай жиналатын орындарына (саябақтар, скверлер, жағалаулар, алаңдар, спорт, аула, балалар және ойын алаңдары) баруға тыйым салу; құқық қорғау мен арнайы органдар, медициналық мекемелер, коммуналдық қызметтер, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардан басқа барлық ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды немесе қашықтық режиміне не онлайнға көшіру; карантинге тартылған барлық қызметтерді шектеу шараларын жүргізу кезінде биологиялық қауіпсіздік режимімен қамтамасыз ету, оларды жеке қорғаныш заттарымен, жеке гигиенасын сақтауға қажет шарттармен, заттармен қамтамасыз ету, автомобильдерді өткізу бекеттері мен блокбекеттерде халықаралық автомобиль жүк тасымалын іске асыратын шығатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу; қашықтықта қызмет көрсетуге көшуіне орай тегін дәрі-дәрмек жеткізіп, пациенттерге үйде қызмет көрсету үшін емханаларды қосымша көлікпен қамту; тұрғын үйлердің кіреберістерінде, лифтілерінде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандандырылған ұйымдардың не кәсіптік даярлықтан және нұсқамадан өткен мамандардың күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау жүргізуді қамтамасыз ету; азаматтардың көшелерге шығу құқығынсыз үй карантині режимін сақтау бойынша бақылау жұмыстарымен қамту; көшелер мен қала құрылыстарына дезинфекция жүргізуді ұйымдастыру (жеке дезинфекциялық кампаниялармен); қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамту мен жағдайына бақылау жүргізу; азық-түлік сауда орындары мен дәріхана нысандарында, жұмыс орындарында бір бірінен кемінде 2 метр арақашықтықты сақтау, бетперде мен қолдар үшін дезинфекциялық затты қолдану немесе бір рет қолданылатын қолғаптар бөлу; тұрғындардың тұрғылықты жерден тыс жерде жүру кезінде бетперделік режимді сақтау; карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.
Сонымен қатар осы құжатта Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы:

1) коронавирус инфекциясына күдікті, жоғары температуралы КВИ ұқсас белгілері бар науқастарды анықтау мен оқшаулауды, коронавирус инфекциясымен науқастарды тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларын бірден хабардар етумен науқастардың емделуін қамтамасыз етсін;

2) ем мен медициналық тексерістен қашқақтап жүрген науқастар мен қатынастағыларды іздестіруге полиция департаментімен бірлесіп шаралар қолдансын;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында, карантин үшін белгілеген үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету кезінде аудио, фото және бейне түсірілімдерді жүргізуге тыйым салсын;

4) тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беруді немесе жеткізуді ұйымдастырсын;

5) БМСК дәрігерлерін қабылдауды және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультациясын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырсын;

6) жоспарлы медициналық қызмет көрсетуді шектеу/тоқтату бойынша шешім қабылдасын (жоспарлық госпитальдау, профилактикалық қаралу, скринингтер, оңалту);

7) медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етсін;

8) автомобиль өткізу бекеттерінде, блок-бекеттерде облысқа кіріп/шығатын тұлғаларға қатынассыз термометрия, сауалнама жүргізсін;

9) мемлекеттік шекараның автомобиль өткізу пунктерінде экспресс-тестілеу (көрсеткіштер бойынша) жүргізсін;

10) провизорлы, инфекциялық және карантинді бөлімдер (ауруханалардан) аумақтарынан шығатын автомобиль көліктеріне дезинфекциялық өңдеу жүргізілсін деп атап көрсетілген.

Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы шаруашылық субьектілері, сауда нысандары, коммуналдық қызметтер басқа да ұйымдар басшыларымен карантин аумағына кіру/шығу бойынша туәлік ішінде түсіндірмелік жұмыстар жүргізсін; кезектер бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастырып, азық-түлік бөлімдеріне кірер жерде кезекте қашықтықты сақтау бойынша ақпараттық табло ұйымдастырсын; дүкендер, супермаркеттер мен сауда үйлерінің барлық кассалары алдында әр 2 метр сайын қозғалыс жолағы мен қашықтық сызығын-«жол белгісін» орналастырсын; кассаға дейін 10 метр жерде қосымша бөгеттер орнатсын; кассирлер жұмысын жеке қорғаныш заттырмен қамтамасыз етсін (бетперделер, қолғаптар, антисептиктер пайдалану); кәсіпкерлік нысандарына үйге азық-түлікті жеткізу бойынша тауарларды онлайн сатып алу-сатуда барынша интернет-ресурстарды пайдалануға ұсыныс берсін. Өнеркәсіп кәсіпорындарының субъектілері (объектілері) нысанға кіре беріске дезинфекциялық кедергі қойсын (кілемше), оны дезинфекциялық құралмен үнемі суландырып отырсын; қолдарды өңдеу үшін санитайзерлерді орнатсын; өткізу бекеттерінде қатынассыз термометр немесе тепловизор қолдансын; вирусты жұқпаларға күдіктіні жұмысқа жібермесін; вирусты инфекцияға күдіктілерді уақытша оқшаулау үшін изолятор қарастырсын; дезинфекциялық режимді күшейтсін (арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын, сатылар мен есіктерді, баспалдақтар жақтауларын, лифттерді және едендерді әрбір үш сағат сайын өңдеу); бөлмелерді үнемі желдетіп отырсын, қажет болғанда бактерицидті шам арқылы ауаны зарасыздандырсын; жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, барлық бөлмелерде жинастырылып жуу жүргізілсін; нысанға кіретін/шығатын аумақта дезинфекциялық заттармен тәулігіне 1 реттен кем емес өңдеу жүргізсін; тамақтану орындарында шараларды сақтасын: өз-өзіне қызмет көрсетуіне тыйым салсын; персонал жұмысы кезінде бір реттік бетперде мен қолғаптарды пайдалансын (3 сағатта 1 рет ауыстыру); жіті респираторлық жұқпалары бар персоналды жұмысқа жібермесін; қолдарды өңдеу үшін санитайзерлер орнатсын; бөлмелер мен құралдар-жабдықтарды күшейтілген дез.режиммен қамтамасыз етсін.

Осы қаулы 2020 жылғы 13 сәуірде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.



Өзгелердің жаңалығы