Павлодар облысында инфекция жұқтырған жаңа 5 жағдай анықталды

29 Мамыр 2020, 09:55
1231
Бөлісу:
Павлодар облысында инфекция жұқтырған жаңа  5  жағдай анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус  инфекциясын жұқтырған жаңа  5  жағдай анықталды, олардың 3 Екібастұз қаласы аумағында, 2  жағдай Павлодар қаласында тіркелді.

COVID-19  1990 ж.т. әйел адам мен оның 2015  ж.т. қызында, сондай-ақ 1979 ж.т. ер адамда анықталды. Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін тұрғынында анықталды. Олар КВИ дің бұған дейін анықталған жұқтыру жағдайларымен қатынаста болған. Пациенттер Екібастұз қаласы ауруханасының инфекциялық стационарына жатқызылды. Сол сияқты COVID-19  Павлодар қаласының 1956ж.т. әйел адамы мен 1962 ж.т. ер адамында  анықталды. Пациенттер бас ауруы, дене қызуының көтерілуі және жөтелге шағыммен  медиициналық көмекке өздігінен жүгінген. Алдын ала  фарингит, өкпе қабынуы және ЖРВИ .диагнозы қойылды.  Пациенттердің біреуінде  вегетотамырлық дистония анықталды. Барлық жағдайлар бойынша COVID-19 ға арнайы талдау оң нәтиже көрсетті. Тұрғылықты және жұмыс орындары бойынша  байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды, - делінген хабарламада. 
ҰСО филиалы мамандарымен ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні, 28 мамырдағы жағдай бойынша   Павлодар облысында  коронавирус инфекциясымен ауырған 197  факті тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы