Павлодар облысында халыққа екпе салуға дайындық жүргізілуде

15 Наурыз 2021, 09:52
1707
Бөлісу:
Павлодар облысында халыққа екпе салуға дайындық жүргізілуде

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде өз еркімен екпе алғысы келетін азаматтарды иммундау шараларын бастауға дайындық қызу. Қазіргі уақытта облыс бойынша «Sputnik-V» вакцинасының 80 мың мың дозасы дайын. Бұл міндетті түрде вакцина алатын тұрғындарға ғана емес, өзге санаттағы азаматтарға жету керек.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта емханалар алдын ала жазылу бойынша екпе салу процедураларын жүргізіп жатыр. 

Өз еркімен екпе алғысы келетін азаматтарды вакциналаймыз. Вакцина алу үшін павлодарлықтар тіркелген емдеу мекемесіне өтініш білдіру керек. Бүгінгі күнге дейін төрт мыңнан астам медицина маманы екпе алды. Облыс бойынша 107 екпе кабинеті бар. 1125 маман тиісті оқу курстарынан өтті, - дейді Эльмира Темірғалиева. 

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирустық инфекция жұқтырған азаматтар екпе ала алады. Бірақ, сол сәттен бері кем дегенде жарты жыл өту керек. ПТР тестілеу алудың қажеті жоқ. 

Айта кетейк, бір ай бұрын вакцинаның бірінші компоненте 1200 адамға салынды. Сонымен қатар екінші компонентің 1200 дозасы қоймаларға әкелініп, 1193 азаматқа салынды. 

Наурыз айында 2760 вакцина дозасын иммундау бойынша жоспар құрылды. Шара бірінші кезекте медицина мамандары, мұғалімдер, құқыққорғау органдарының қызметкерлері арасында жүзеге асырылды. Вакцинаның бірінші компоненте 3155, ал екінші компонентін 1193 адам алды.



Өзгелердің жаңалығы