Павлодар облысында хабарсыз кеткен 13 адам іздестірілуде

6 Сәуір 2023, 01:20
1140
Бөлісу:
Павлодар облысында хабарсыз кеткен 13 адам іздестірілуде
Фото: pavlodarnews.kz

Полицияға хабарласқандар толық ақпарат бермеген кезде іздеу қиындай түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы өңірде азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша 13 іздестіру басталған. Оның ішінде жоғалған 9 облыс тұрғыны полицейлердің күшімен іздестірілді.

Мысалы, әйелі күйеуінің басқа да қызығушылығы бар екенін, анасы ұлының немесе қызының есірткіге тәуелділігі мен бұрын бала үйден қашып кеткені туралы айтпауы мүмкін. Полиция қызметкерлері осы немесе басқа да маңызды фактілерді білмей, жалған жолға түсіп, жоғалып кеткен жерді мүлдем іздемеуі мүмкін. Адам жоғалып кеткен жағдайда ең алдымен оның беделін емес, өмірін сақтап қалу туралы ойлану керек, – деді Павлодар облысы полииция департаменті криминалдық полициясының бастығы Балғабай Қапаров.

Полицейлер туысыңыз немесе досыңыз үйге оралмаса, бір күн күтудің қажеті жоқ екенін, дереу полицияға хабарласу керектігін еске салады. Дүрбелеңге түспеуге тырысқан дұрыс, бірақ барлық мәліметтерді анық және нақты түрде жеткізу керек: жақын адамыңыз болатын орындар, кіммен байланысады, соңғы маршруттар, соңғы әңгімелердің тақырыптары, Сондай-ақ фотосуреттер дайындау керек. Жақын адамыңыздың қайда және неге кетіп қалуы мүмкін деген болжамдарды алға тартып, білген ақпаратты жасырмай айту керек. Статистика жоғалған адамдардың 90 пайызға жуығы аман-есен табылатынын көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы