Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Шара барысында жеті есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде есірткі құралдарын сақтау, есірткіні өткізу фактілері, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу, фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу фактілері, лицензияны алу кезінде лицензиаттың жалған ақпарат беру фактілері бар, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Құқықтық тәртіп сақшылары медициналық мекемелерде және өнеркәсіптік объектілерде рейдтер жүргізді, сондай-ақ дәріханалар, дәріхана қоймалары және емдеу-профилактикалық мекемелерін тексерді.
Дәрігердің тағайындауымен ғана пайдалануға рұқсат етілген кодеині бар және басқа да дәрілік заттардың заңды