Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18:00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен.
Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды, – деді департамент өкілдері.
Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы еске салады.