Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның бірі Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде, екіншісі Павлодар қаласында іске қосылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті."Солнечный кентіндегі 420 орындық жаңа мектеп заманауи жабдықтармен жарақталған. 36 орындық кітапханасы бар. Мектеп аумағында спорт алаңдары орналастырылған. 475 баланы қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Павлодар қаласындағы 150 орындық жеке меншік Лингва мектебінде 1-4 сынып аралығындағы мектеп оқушылары сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін болады және үш реттік тағаммен қамтылады. Ол жерде тілдерді тереңдетіліп оқытылады. Оның ішінде ағылшын тілі де бар", - деді Дінислам Болатханұлы.
Басқарма басшысының айтуынша, оқу жылының басында облыс мектептеріндегі оқушылар контингенті 108,3 мың адамға жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 мың адамға артық. Сонымен қатар, 1-сыныпқа 14 мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде. Оның ішінде сегіз мыңы алты жасар балалар.
"1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау тамыз айының соңына дейін жалғасады. Облыс мектептерінде жазғы дайындық курстарын өткізу үшін тиісті жағдайлар жасалған, оған алты жасқа дейінгі 4 мыңнан астам бала қатысады. 1-сынып оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100% құрайды. Өңірде 800-ден астам 1-сынып мұғалімі жұмыс істейді", - делінген таратылған ақпаратта.