Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында демалыс және мереке күндері де КВИ-ге қарсы вакцина алуға болады. Вакцинаны медициналық автобустарда егеді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарын COVID-19-ға қарсы екпені демалыс және мереке күндері де (7, 8,9 және 10 мамыр күндері) алуға шақырады.
«Артур», «Квазар», «Манақбай», «Керуен» сауда үйлерінің маңында тұрған жылжымалы медициналық кешендерінде сағат 10:00 ден 22:00-ге дейін вакцинаның 1-компонентін қабылдай аласыз. 2-компонентін кез келген емханада алуға болады, - деді басқармадағылар.Айта кетейік, Павлодарда мобильді вакциналау пункттері іске қосылды. Енді қала тұрғындары екпе алуға ыңғайлы орынды өздері таңдай алады. Емханада, медициналық автобустарда, шатырлы немесе стационарлы пунктте, сауда үйлерінде, мәдениет үйлерінде екпе алуға болады.