Павлодар облысында дауылдан екі ғимараттың шатыры ұшып кетті

Павлодар облысы Екібастұз қаласына қарасты ауыл мектебі мен қазандықтың шатырын қатты соққан жел жұлып әкетті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

 Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті 21 Маусым 2023 2023, 03:27
21 Маусым 2023 2023, 03:27
1168
Фото: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысы Екібастұз қаласына қарасты ауыл мектебі мен қазандықтың шатырын қатты соққан жел жұлып әкетті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 19 маусымда болған.

Сағат 19.06-да қатты желдің салдарынан (екпіні секундына 17 метрге дейін) 100 шаршы метр алаңда Бозшакөл ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ осы ауылдың орталықтандырылған ауылдық қазандығының шатырын да жұлып әкетті, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Наверх