Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер әкімшілік айыппұлдар берешегі және автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша пәтерлерді аралауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, нәтижесінде борышкерлерден 8 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынған.
-Тұрғылықты жері бойынша 3 мыңға жуық борышкерге барып, жұмыс орны бойынша 1 млн теңгеден астам сомаға 85 қаулы жіберілген. Сонымен қатар, айыппұл төлемеген азаматтардың 12 көлігі арнайы тұраққа орналастырылды, - деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бәкібай Ахмедьянов.
Полиция департаменті айыппұлды келесі тәсілдер арқылы тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды:
Электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимде egov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, мобильдік қосымшалардағы интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем жасау, qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz.айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексеру кезінде «өз айыппұлдарың туралы біл» бетбелгісіне кіріп, одан кейін көлік иесінің ЖСН енгізу қажет және фото-бейнетіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда бұзушылықтар деректерінің фотосуретін басып шығаруға болады.
Полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы ескертеді.
Еске сала кетейік, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданыстағы жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау мақсатында өңірде ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.