Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, бесеуі көз жұмды

28 Мамыр 2022, 22:26
2478
Бөлісу:
Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, бесеуі көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған факті Ертіс ауданының полиция бөлімінде тіркелген, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көз жұмған адамдардың денелерінде сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі - 1955 жылғы  ер адам мен  1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ  бүгін, 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денесі табылды, – деді басқармада.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция оқиғаның мәнжайын анықтау барысында қаза тапқандардың барлығы Ертіс ауылының тұрғынында бір сыйымдылықта сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты тұтынғанын анықтады. Ыдыстар алынып, сұйықтықтың қалдықтары бойынша сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталады.

Өзгелердің жаңалығы