Павлодар облысында баспанасын жезөкшелер үйіне айналдырғандар ұсталды

3 Желтоқсан 2023, 19:22
676
Бөлісу:
Павлодар облысында баспанасын жезөкшелер үйіне айналдырғандар ұсталды

Павлодар облысында жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген екі массаж салонының иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, облыс орталығында 40 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел жезөкшелікпен айналысу үшін өз үй-жайын берген.

Фактілердің жолын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары жүргізді. Үй иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Жезөкшелікпен айналысу немесе сутенерлік үшін көрінеу үй-жайлар беру) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалып, сот олардың әрқайсысына 100 АЕК көлемінде айыппұл салды, – деді Павлодар облысы бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Облыс полицейлері жезөкшелер үйлерін ұйымдастыру және интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді. Тексеру кезінде 30-дан астам монша кешені мен сауна, үш дене массажы салоны, жеті қонақүй және 40-қа жуық жалдамалы пәтер қамтылды.

Ішкі істер органдарына интимдік қызмет көрсеткені үшін: 35 адам, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін – екі азамат жеткізілді. 19 адам, оның ішінде транссексуал тіркелген.

2021 жылы Өзбекстан Республикасынан елімізге келген 1990 және 1985 жылы туған екі қыз Павлодар қаласының қабылдау бөліміне орналастырылды. Полиция оларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы