Павлодар облысында автобус аударылып, екі бала көз жұмды

19 Қыркүйек 2022, 09:44
1585
Бөлісу:
Павлодар облысында автобус аударылып, екі бала көз жұмды

Павлодар облысында тас жолда автобус жырадан құлап кетіп, екі бала қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар-онлайн ақпараты бойынша, 19 қыркүйекте сағат 00:30 шамасында автобус Калькаман ауданындағы  жыраға құлап кеткен.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 6 және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған. Тағы 9 зардап шеккен адамға, бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт балаға және 31 жастан 66 жасқа дейінгі бес ересек адамға  сол жерде жедел көмек көрсетілген.

Балалар Облыстық балалар ауруханасына, ересектер Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы