Павлодар облысында «Аламан» жылқы клубы ашылды

22 Наурыз 2019, 09:11
2559
Бөлісу:
Павлодар облысында «Аламан» жылқы клубы ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар ауданындағы Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің студенттері, болашақ мал дәрігерлері «Аламан» атты ат клубын ашты. Енді білім алушылар атқа міну өнері мен мәдениетін тереңнен меңгермек.

Павлодар облысында «Аламан» жылқы клубы ашылды

Ату клубының салтанатты ашылуы Ұлыстың Ұлы күніне орайластырылған мерекелік шарамен тұспа-тұс келді. Тұсаукесер шарасына орай атқа мінген 10 азамат ауылдың ішімен жүріп отырып, орталық алаңға келіп тоқтады. Жылқыларды қызықтаушылардың қарасы қалың болды.

Павлодар облысында «Аламан» жылқы клубы ашылды

Колледж директоры Серік Жартыбаевтың айтуынша, клубты құрудағы басты мақсат – «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай, көшпенділердің атқа міну мәдениетін дамыту, бұл іске жастарды баулу.

«Енді студенттеріміз үй жануарларын, ветеренарияны меңгерумен қатар, атқа мінуді де үйрене алады. Мал дәрігері мамандығын таңдаған жастар салт атпен жүруді білу керек. Себебі, біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. Былтырғы жылы оқу орнымыз Ертіс өңіріндегі ең үздік колледж атанды. Біз 50 млн теңге көлеміндегі грантқа ие болдық. Бұл қаржыны ветеринарлық кешен ашуға жұмсадық. Тіпті, хирургиялық бөлім де аштық. Студенттеріміз кез келген үй жануарын емдейді», - дейді Серік Жартыбаев.

«Аламан» клубы ашылған сәтте небəрі екі жылқы болған. Бүгінде бұл идея шаруа қожалықтары тарапынан қолдау тауып, сәйгүліктердің қатары 15-ке жеткен.

Алдағы уақытта колледж өкілдері «Алмалы» бақ атты жобаны жүзеге асырмақ. Мамандар мен студенттер алма бағын отырғызуды көздеп отыр. Бүгінде жас көшеттерге еліміздің алма шаруашылықтарына тапсырыс берілген. Оқу орны өкілдерінің айтуынша, жоба ғылыми сипатқа ие болмақ. Жастар алма сұрыптарының селекциясы және аудандастырумен айналыспақ. Бұл бақта қызанақтар да өсірілмек. Колледж басшылығының қолдауымен Голландиядан гүлдердің баданалары әкелінді. Бүгінде жылыжайда 400 бадананың басым бөлігі отырғызылған.

Өзгелердің жаңалығы