Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде биылғы жиын-терім науқанында 900 мың гектардан дәнді-дақыл алынады деп күтілуде. Бүгінгі таңда 30%-нан өнім алынды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Батырғожиновтың айтуынша, биылғы болжам бойынша 720 мың тонна дәнді-дақыл жиналуы тиіс. Орташа өнімділік - гектарына 8 центнер.
Мамандардың мәліметінше, 77 мың тонна майлы дақыл, 527 мың тонна картоп пен 231 мың тонна көкөніс жиналады. Қазіргі таңда шамамен 500 шаруашылық жұмыс істейді.
Айта кетейік, өңірде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 326 ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 10 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Бұл өткен жылға қарағанда 12%-ға артық. Аймақтағы астық ору жұмыстары бір айдың ішінде аяқталады деп күтілуде, - дейді мамандар.Сондай-ақ, шаруаларға 4,5 млрд тоннаның субсидиялары төленіп, қолдау тапты. Субсидия тұқым, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды сатып алуға бағытталды. Айта кетейік, биыл шаруа қожалықтарына 21,5 тонна арзандатылған жанар-жағармай берілді.
Қазіргі уақытта егін ору науқаны Тереңкөл және Железин аудандарында қызу. Биылғы көктемде бірнеше фермерлік шаруашылық жауын-шашынның жоқтығынан зардап шекті. Дегенмен, бүгінде әр гектардан орташа есеппен 10 центнерден жинап жатыр.