Павлодар облысында 6 миллион теңгенің қаруы тапсырылды

4 Мамыр 2021, 22:19
1654
Бөлісу:
Павлодар облысында 6 миллион теңгенің қаруы тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Өңір тұрғындары  «Қару» акциясы аясында 10 күн ішінде 72 бірлік тегіс ұңғылы қару тапсырды,  деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің  дерегінше,  оның ішінде 4 бірлік ұзын ұңғылы ойық қаруды, 1 бірлік жарылғыш құрылғы және 16526 дана ойық ұңғылы қарудың патрондары бар.

Жалпы сомасы 6 миллион теңгеге қару тапсырылды. Қазіргі уақытта мылтықтар баллистикалық сараптамаға жіберілді, соның нәтижелері бойынша азаматтарға ақша төлеу туралы шешім қабылданады. Мысалы, Екібастұз тұрғыны тіркелмеген үш тегіс ұңғылы мылтықты өз еркімен  тапсырды: «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, 16 калибрлі, белгіленбеген маркалы тегіс ұңғылы мылтық,12 калибрлі және белгіленбеген маркалы тегіс ұңғылы мылтық. Аталған қарулар жалпы сомасы 183 771 теңгеге 2 санат бойынша сатып алуға жатады, - деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Сондай-ақ Екібастұз қаласының тағы бір тұрғыны тіркелмеген 16 калибрлі бір ұңғылы тегіс ұңғылы мылтықты  әкелген. Бұл қару  61257 теңге сомасына 2 санат бойынша сатып алуға жатады. 

Айта кетейік, 20 сәуірде бүкіл республика бойынша  тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясы  басталған болатын. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған  павлодарлықтар қарудың түріне қарай әр бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі сомада төлем алады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша  8 (7182) 39-11-75 телефонына хабарласып, полицияға жүгінуге болады.
Өзгелердің жаңалығы