Павлодар облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Облыс бойынша автомобиль жолдарының 6 учаскесі, оның ішінде республикалық маңызы бар 4 учаске және аудандық маңызы бар 2 учаске, елді мекендердегі су тасқынына қарсы 21 учаске бақылауда.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 114 адам, 50 бірлік техника, 8 мотопомпа жұмылдырылды. Бұл ТЖД, жергілікті атқарушы органдары, жол қызметі және полиция департаментінің күштері мен құралдары.
Өткен тәулікте 30 мың м3 астам еріген суы, 420 тонна қар шығарылды, инертті материал салынған 1417 қап төселді. Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар елдімекендерге тәулік бойы мониторинг жасайды. Оған дрондар да қосылған, - деп жазды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.