Павлодар облысында 2025 жылға дейін 13 жаңа мектеп салынады

9 Қыркүйек 2021, 08:40
2740
Бөлісу:
Павлодар облысында 2025 жылға дейін 13 жаңа мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде білім саласында атқарылатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында сапалы білім беруді тапсырды. Осы жылдың қаңтарында педагогтардың жалақысы 25 пайызға өсті. Нәтижесінде бұл мамандыққа түсуге ниеттілер саны артты. Біздің өңір елімізде бірінші болып «жаңа мамандықтар атласы» бағдарламасын қолданып, мектептерде мамандықтарға бағыттаушыларды енгізді. Бұл оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп-ақ болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік береді, - деді Әбілқайыр Сқақов.
Облыс әкімі өңірде білім саласын қаржыландыру 2019 жылғыға қарағанда 67 пайызға артқанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы 4 жылда 13 мектеп бой көтермек.
Бізді халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар еншілеп жүрген балалар қуантады. Мұндай талантты балаларды мемлекет барлық жағынан қолдайды. Облысымызда мектептерде орын тапшылығы басты назарда. 2025 жылға дейін 13 жаңа мектеп пен қазіргі мектептерге 9 қосымша ғимарат салуды жоспарлаудамыз, - деді аймақ басшысы.
Құрылысқа бюджеттен бөлек, инвесторлар да тартылады. Мысалы, «Достық» шағын ауданындағы 2 мың орынға арналған мектепті «мемлекеттік-жеке меншік әріптестік» механизмі арқылы салу көзделген.

Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, келесі мақсат мұғалімдердің санатын «цифрлық мұғалім» санатына дейін көтеру.
Өзгелердің жаңалығы