Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодар облысында 124 шетел азаматы елден шығарылған

2 Қыркүйек 2025, 21:09
604
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Павлодар қаласының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған көрші мемлекеттің алты азаматын анықтап, ел аумағынан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құқық бұзушылар қажетті құжаттарсыз Қазақстан аумағында жүрген. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен елден шығару және Қазақстанға кіруге шектеу қою туралы қаулы қабылданды.

Полицейлер шетел азаматтарын Астана қаласындағы әуежайға дейін жеткізді. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде көші-қон заңнамасын бұзған 124 шетел азаматы ел аумағынан шығарылған.

Өзгелердің жаңалығы