Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды. Бұл фактіні Павлодар облысы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Александар Вервекин растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Оның сөзінше, мұндай оқиғаның болғаны рас. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қыздың толық жасы 12-де. 16 тамызда 13 жасқа толады.
Мектеп мұндай фактінің болғанын анықтады. Тергеу әлі аяқталған жоқ. Директор қызметінен кетті. Ал білім бөлімі басшысына қатаң сөгіс жарияланды, - деп айтты баспасөз хатшысы.
Оның айтуынша, директор жұмыстан өз еркімен кеткен. Оқушы қыз 19 шілде күні босанған.
Мұғалімдер демалысқа шыққанда байқаған. Қыз бен оның анасы дереу ауруханаға жеткізілді, - деді Александр Вервекин.