Павлодар облысында 11 сағат ішінде жедел жәрдем 600-ден астам шақырту алған

29 Маусым 2020, 09:17
1258
Бөлісу:
Павлодар облысында 11 сағат ішінде жедел жәрдем 600-ден астам шақырту алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін өңірлік 103 қызметі пневмониямен 61 адамды және ЖРВИ-мен 123 адамды ауруханаға жатқызған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
Облыстық жедел жәрдем станциясы басшылығының мәліметіне қарағанда, Павлодар облысында "карантинді" жексенбіде қоңырау шалғандардың саны дәл осындай. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша медициналық бригадалар 600-ден астам шақыруларға шықты. 61 жағдайда науқастарда пневмония, 123 жағдайда жіті респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылған, - деді басқармада.
Еске салайық, өткен тәулікте Павлодар облысында пневмонияның 367 жағдайы және ЖРВИ-дің 174 жағдайы тіркелген болатын.
Өзгелердің жаңалығы