Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап ораза ұстаған жандарға Мәшһүр Жүсіп мешітінде ауызашарлар беріліп келді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
ҚМДБ Павлодар бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және жамағатымыздың демеуімен Павлодар қаласындағы бүгінгі Рамазан айының алғашқы жұмасында Мәшһүр Жүсіп және Ақмешіт мешіттерінің ұйымдастыруымен қала маңындағы 4 ауылдың 100 отбасына «Рамазан қоржыны» жеткізілді. Сауапты іс-шараларға қатысқан мешіт жамағаты мен белсенді еріктілерге алғыс айтып, ризашылық білдіреміз. Ұстаған оразаларыңыз, жасаған құлшылықтарыңыз, берген садақаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін! – дейді ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы.
Бұдан бөлек, індеттің таралуының алдын алу мақсатында ауызашар беруге ниетті жандарға имамдар тарапынан аталмыш жобаға үлес қосу насихатталып жатыр.