Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында алимент бойынша қарыздарын қасақана төлемей жүргендерден қарызды өндіруге қатысты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, тек осы 3 күннің ішінде алимент өндіріп алған 11 арам ниетті борышкер анықталып, әкімшілік қамауға алынды.
Мысалы, 2019 жылдан бері борышкер О.-ның 3 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешегі жинақталған. Ал, жеке сот орындаушысының алимент бойынша берешекті өтеу қажеттігі туралы талаптары борышкер тарапынан толығымен елеусіз қалдырылған. Оның үстіне борышкер бірнеше рет жасырынған, - деді департаментте.
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен борышкер О.-ға 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, биыл жыл басынан бері Павлодар облысында ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 24 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.