Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде "БЖК-2020" бағдарламасы аясында 2019 жылы 250 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен "2019 жылы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының нәтижелері туралы" атты баспасөз-мәслихатында мәлім болды."Даму" КДҚ" АҚ Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Айнагүл Байдәулетованың айтуынша, 2019 жылы 1,2 миллиард теңге субсидия төленді. Бұл 2018 жылға қарағанда 468 пайызға артық.
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие. Бүгінгі күні "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы әрекет ету мерзімін аяқтады. Оның тиімділігін ескере отырып, Үкімет оны іске асыруды жалғастыру туралы шешім қабылдады. Биыл "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама бекітілді, қазір оның шарттарын күтудеміз, - дейді Айнагүл Байдәулетова.Спикер 2020 жылдың нәтижелері бұрынғыдан да жоғары болады деп жоспарлап отырғанын атап өтті. Себебі, кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүдделі.
2020 жылға "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына мемлекеттік бюджеттен 2 млрд 100 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ "Еңбек" бағдарламасына 822 млн теңге және "Кепілдік" бағдарламасына 150 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат бізге осы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды табысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін 77,99 миллиард теңгеге салық төленді. Оған қоса, 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, - дейді Айнагүл Байдәулетова.Кәсіпкерлерге қаржылай көмектен басқа "Даму" қорының менеджерлері кеңес беру көмектерін ұсынуда. 2019 жылы екі мыңнан астам кәсіпкер кеңес алды. Оның 458 жобасы банктерде қаржыландыру мақұлдағанға дейін сүйемелденді.
Айта кетерлігі, 2019 жылы облыста жүзеге асырылған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында жекеменшік кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 31,8 миллиард теңгені құрайтын 1029 қаржылық құрал бойынша қаржылық қолдау көрсетілді.