Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 100 жағдайы тіркелді. Жұқтырғандардың басым бөлігі Павлодар - 52, Ақсу - 10, Екібастұз – 15 қалаларында анықталған.
Індетті жұқтырғандар арасында - 16 724 адам Павлодар облысының тұрғыны, 215 жағдай басқа өңірлерден індет жұқтырып келгендер.
Ауырған адамдармен байланыста болғандардың арасында 5 981 адам немесе 35,3% тіркелген. Сондай-ақ 9 577 жағдай (56,4%) ЖРВИ және пневмония белгілері бойынша тексерілген адамдардың арасында тіркелген. Профилактикалық тексеруден өту кезінде 1 166 жағдай (6,9%) анықталған, - делінген ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.
Облыс эпидемиологтары коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық тұрғысынан тұрақты, жалпы вирустық инфекциялар ауруларының төмендеу үрдісі бар деп бағалауда. Бұған ЖРВИ және тұмау маусымның аяқталуы ықпал етуде.
Індеттің таралуының төмендегенін апта сайынғы өсім деректері де көрсетуде. Өткен 7 күнде, яғни 2021 жылдың 14-20 ақпан аралығында COVID-19-дың 709 жаңа жағдайы тіркелген; 8-14 ақпан аралығында - 1 127 жағдай; 7-13 ақпан аралығында -1 248 жағдай, 1-7 ақпан аралығында өңірде КВИ-ның 1 594 жағдайы тіркелген.