Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының әкісі Әбілқайыр Сқақов мәлім етті.
10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің өсім қарқыны бойынша көшбасшы болып қалды. Екі жыл ішінде бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге артты. Биыл өңір аграийлері 30 жылдың ішінде тұңғыш рет 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар жинады. Сонымен бірге, суармалы егістіктер, ет, сүт, өңдеу өндірістерінің ауданы ұлғайып келеді, -деді ол.
Оның атап өтуінше, жыл басынан бері ет және ет өнімдерінің экспорты үштен бірге артқан.
Жыл соңына дейін мал шаруашылығының тағы бес нысаны және 32 қайта өңдеу нысандарын іске қосу жоспарланып отыр. Мұның бәрі Павлодар облысының АӨК-ің инвестициялық тартымдылығын арттырып келеді: қазір 1 бюджеттік теңгеге 4 теңге жеке инвестициядан келеді, - деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.