Павлодар облысында ешкіммен байланыспаған адам індет жұқтырды

22 Сәуір 2020, 23:29
1530
Бөлісу:
Павлодар облысында ешкіммен байланыспаған адам індет жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар және Қостанай облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы ақпарат таратты.

COVID-19 Екібастұз қаласының тұрғынында анықталды. Ол 1970 жылы туылған ер адам. 20.04.2020 жылы ер адам провизорлық госпитальға түскен. Науқаста жоғары дене қызуы мен пневмания тіркелген. 21.04.2020 тест нәтижесі бойынша науқаста Covid-2019 анықталды. Науқас бұрын КВИ анықталған адамдармен қарым-қатынаста болмаған. Қазіргі уақытта қарым-қатынаста болған тұлғалар ортасы анықталуда, анықталған адамдарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жалғасуда - делінген хабарламада. 

Бүгінгі сағат 23:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 38 оқиға тіркелді. 

Қостанай облысы, Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 жағдайы тіркелді.

Жұқтырған 1974 жылы туылған әйел.  Алдында анықталған КВИ жағдайлармен жақын байланыста болған. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша СOVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі уақытта байланысқан адамдардың айналасы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сырқаттану ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады - делінген хабарламада.

Қазіргі жағдай бойынша Қостанай облысында СOVID-19 инфекциясын жұқтырған 35 адам анықталды, 1 адам жазылып шыққан.

Өзгелердің жаңалығы