Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Креативті челленджді ол өзінің әріптестеріне Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Ораловты, премьер-министрдің креативті экономика жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі және Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына табыстады.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов өңір жастарымен кездесуде өз туындысын оқыды. Іс-шараға ол костюммен емес, джинсы, кроссовкасы және «I am not a rapper» деп жазылған футболка киіп келді.
Шаяхметов видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Шенеунік Вавянның «Город на Иртыше» әнінің сөзі мен мағынасын толықтай өзгертіп орындап шықты.
Шаяхметов Павлодарда жақында келгеніне қарамастан, қала өте ұнағанын айтты.
Кездесу өте қарқынды және интерактивті түрде өтті. Өңір экономикасының осы секторын дамыту бойынша ағымдағы пайымды таныстырдық, оның тікелей қатысушыларының пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап бердік, ұсыныстарын жинадық. Білім мен жасампаздық экономикасың елдің әл-ауқатына әсері артып келеді, сондықтан оның маңыздылығы зор. Жасампаздықтың жалғыз драйвері - бұл біздің адамдарымыздың таланты, ал талант деген біздің облыста жеткілікті. Біз бірлесіп жұмыс істеудің дұрыс, инновациялық әдістерін таба аламыз деп үміттенемін! Әйелім маған әрқашан «сен реппер емес, әкімнің орынбасарысың» дейді, бірақ бүгін мен 3 минут ішінде осы екі қырларымды біріктіруге тырыстым. Мен рэпер емеспін, тым қатал сөкпейсіздер деп үміттенемін, - деді ол жастарға.
⠀
Оқи отырыңыз: