Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

30 Желтоқсан 2022, 09:56
936
Бөлісу:
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Павлодар облысы әкімінің өкімімен әкімнің бірінші орынбасары болып Хасар Хабылбеков тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Олег Крук өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. 

Хасар Айтпекұлы 1986 жылы туған, екі жоғары білімі бар.

2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Құқықтану бакалавры" мамандығы бойынша, 2014 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Көлік құрылысы" мамандығы бойынша аяқтаған. Техника және технология магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастаған. 2017 жылдан 2021 жылға дейін облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Тереңкөл ауданы және Шарбақты ауданы әкімдерінің орынбасары, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы, "Павлодар облысының құрылыс басқармасы" ММ басшысы қызметтерін атқарды. 

2021 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Асайын Байханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары алдында тұрған міндеттерді атап өтті. Бірінші кезекте оған Екібастұз қаласына барып, жергілікті жерде тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау жүйесін реттеу бойынша жұмыстар жүргізу, төтенше жағдайдан кейін қаладағы жағдайды жақсарту бойынша жедел әрекет ету және шешімдер қабылдау тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы