Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 ақпанда сағат 01-38-де Нұр-Сұлтан-Павлодар автожолында Павлодар облысы ТЖД “101” пультіне өрт туралы хабарламакеліп түсті.
Жүк тиелген тіркемесі бар Renault Premium жүк машинасы - ауданы 40 шаршы метрде трикотаж бұйымдары толығымен жанып кетті.
Жүк машинасы Өзбекстаннан Ресейге кетіп бара жатқан. Трассалық медициналық-құтқару пункті Қалқаман кентінің жылыту пунктіне 2 жүргізушіні эвакуациялады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 05-00-де сөндірілді. Көлік электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өртенген болуы мүмкін. Келітірілген шығыны анықталып жатыр.
Өрт орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 16 адам және 3 техника, "102" қызметі, Қалқаман кентінің ТМҚП жұмыс істеді.