Павлодар облысында 30 мыңнан астам адам "Еңбек" бағдарламасына қатысты

20 Желтоқсан 2019, 11:43
2647
Бөлісу:
Павлодар облысында 30 мыңнан астам адам "Еңбек" бағдарламасына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 30 063 адам 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде 20 664 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 463-і немесе 85% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Павлодар облысында еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқамерзімді курстар өткізуді көздейтін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2 729 адам қамтылған. Қысқамерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті - азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі, - делінген ведомство хабарламасында.

Павлодар облысында микрокредитпен 626 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды мемлекеттік бағдарламаның 606 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 796 адам алды (жастар, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Павлодар облысында 5 870 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 511-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 849-ы жастар практикасына және 3 510 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы