Павлодар әкімі Instagram-дағы оқырманына 10 мың теңге жіберді

25 Қыркүйек 2022, 13:29
1494
Бөлісу:
Павлодар әкімі Instagram-дағы оқырманына 10 мың теңге жіберді

Павлодар әкімі Асаин Байханов әлеуметтік желідегі сторизінде қызық скриншот жариялады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Aiqyn.kz мәліметінше, Онда әкім өзінен ақша сұраған студентпен хат жазысқанын көруге болады. 

Сіз әкімсіз ғой, қалтаңызда үнемі тиын болады. Мен сізді әкімсіз және миллионерсіз деп жатқан жоқпын. Жоқ, мен жай сіздің жағдайыңыз менікінен сәл жақсырақ екенін түсінемін. Сондықтан, өтінемін, менің Каспиіме 10 000 теңге аударыңызшы. Жүріп-тұрғанға. Әйтпесе шәкірақы тек айдың аяғында түседі, - деп жазған жас жігіт әкімге.

Әкім жауап беріп, жігіттің өтінішін орындауға уәде берген. Сонымен қатар, студентке көмек сұрамай, жұмыс істеу керегін түсіндіріпті.

Келістік, осы жолы мен сізді қолдаймын және көмектесемін. Бірақ сіз көмек сұрамай, еңбек етуіңіз керек. Мен өркениеттен алыс ауылда туып-өстім. Қалтамда бір тиынсыз қалаға келдім. Бұл, керісінше, маған күшті мотивация болды. Шаршамай, өмір сәтсіздікке толы болғанына қарамастан, құлшынысты жоғалтпай жұмыс істедім. Сондықтан ешкім сізге жайдан-жай ештеңе бермейді, аянбай жұмыс істеу керек, ең бастысы жалқау болмау, - деп кеңес берген әкім.

Асаин Байханов 2021 жылдың шілдесінде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Оның Instagram парақшасында 25 мыңнан аса жазылушысы бар. Әкімнің айтуынша, ол парақшасын өзі жүргізіп, қала тұрғындары хатына өзі жауап береді. 

Өзгелердің жаңалығы