Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шарбақты ауданы Жылы бұлақ ауылының оттегі аппаратын сатып алу үшін 378 мың теңге жинаған. Бұл туралы Рavlodarnews.kz. жазды.
Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сержан Иманқұловтың айтуынша, оттегі аппараты Жылы бұлақ ауылының медициналық пунктіне сыйға тартылды.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Осы орайды Жылы-Бұлақ ауылының жастарын айтып кету жөн. Олар туған ауылына жақсылық жасаудан аянбайды, - дейді Шарбақты аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сержан Иманқұлов.
Оқи отырыңыз: