Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының бас бапкері Павел Васильев қысқы маусым алдындағы дайындық жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Апта соңында Румынияда жаттығатын спортшылар келесі Гран-при кезеңінде бақ сынаса, кейін Германия мен Австрияға кетеді. Жалпы есебі алты рет жарыс жолына шығады.
Қыздарымыз Алена Свириденко мен Виктория Рулева қазір Польшадағы оқу-жаттығу жиынында. Содан соң олар Құрлық кубогына қатысу үшін Австрияға жол тартады. Содан соң Швейцария күтіп тұр.
Команданың қалған бөлігі Алматыда. Олар белсенді түрде жаттығып, дайындалуда. Бәрі жоспар бойынша өтуде, - деді Васильев.
Құрама спортшылары қарашаның басында оқу-жаттығу жиынына толық жиналмақ. Жиыннан кейін жаттықтырушылар штабы спортшыларды жарыстарға бөледі. Негізгі бәсекелер әлем кубогі кезеңдері болмақ.
Қазіргі уақытта 8 спортшы 1-8 қазан аралығында Эстонияда өтетін FIS кубогына дайындалып жатыр Осыдан кейін біз Щучинскідегі оқу-жаттығу жиынын бастаймыз. Жақын арадағы жоспарлар – осы.
Қараша айында әлемдік жарыстар басталады. Оқу-жаттығу жиыны Швецияда басталады. Сол жерде кімнің қандай жарысқа қатысатынын аанықтаймыз. Бірі әлем кубогіне, енді бірі құрлық кубогі мен FIS кубогына барады, - дейді жаттықтырушы.