Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павел Дуров 2018 жылы өзіне қастандық жасалғанын айтты

1 Қазан 2025, 04:27
449
Бөлісу:
 instagram.com/durov
Фото: instagram.com/durov

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 2018 жылы уланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол блогер Лекс Фридманның YouTube-подкастында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпкердің сөзінше, оқиға Telegram командасы TON криптовалютасы жобасына қаржы жинап, бірнеше ел мессенджерді бұғаттауға тырысқан кезеңде болған.

Бұл өмірімдегі өлімді жақыннан сезген жалғыз сәт болды, – деді Дуров.

Ол жалға алған таунхаустың есігінің алдына «біртүрлі көрші» қалдырған күдікті затты тауып алғанын, содан кейін бір сағат ішінде қатты ауырсынулар сезіне бастағанын айтты. 

Көру, есту қабілетім төмендеп, тыныс алуым қиындай берді. Өліп бара жатқанымды сездім, – деп еске алды ол.

Алайда келесі күні ол әлсіз күйде, денесінде көптеген қан кетулермен оянған. Қалпына келуі шамамен екі аптаға созылып, бұл уақыт аралығында ол дұрыс қозғала алмаған.

Дуровтың айтуынша, қажетсіз дүрбелең туғызбау үшін ол бұл жағдайды командасынан жасырған.

Өзгелердің жаңалығы