Патрульдік полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды

16 Наурыз 2024, 12:07
371
Бөлісу:
Патрульдік полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Оралда патрульдік полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Дамир Казиханов пен Мирас Каримоллин түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалған. Сақшылар шапшаңдық танытып қас-қағым сәтте қарғып кете жаздаған қызды құтқарып үлгерді, - делінген хабарламада.

Мұндай әрекетке үйдегі жанжал итермелеген. Қазір оның жағдайы жақсы және туыстары қолдау көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы