Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 мамырында сағат 17: 30 шамасында Өндіріс көшесімен келе жатқан "КамАЗ" автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі апаттық жағдай жасап, «Hyundai» маркалы патрульдік полиция автокөлігіне соқтығысты, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
«Камаз» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан, алайда полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талаптарын елемей, аталған жүргізуші азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, айналма жолға шыққан.
Құқық бұзушыны ұстау барысында басқа «Peugeot-301» маркалы патрульдік полиция автокөлігімен де соқтығысқан.
Жүргізуші ұсталған кезде өзін агрессивті ұстап, қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соттың қаулысымен оған қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ессіз мінез-құлығына байланысты сот психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды, - делінген ақпаратта.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы еске салады.