Еліміздегі патрульдік автокөліктердің дизайны өзгереді

26 Қыркүйек 2019, 18:25
2719
Бөлісу:
Еліміздегі патрульдік автокөліктердің дизайны өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ ақпараттық айыру белгілері мен жазулары бар патрульдік автокөліктердің стандарттарын әзірледі. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

1.jpg

"Стандартты белгілерден басқа, мұндай автокөліктің алдыңғы жанындағы есіктерінде "ZANGA QYZMET ETEMIZ" деген жазуы бар патрульдік полицияның эмблемасы салынады. Халықты ақпараттандыру және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін автомобильдің артқы бүйір қанаттарында кезекші бөлімнің немесе ЖБО және аудандық полиция бөлімшесінің жедел кезекшісінің телефон нөмірлері орналастырылады", - делінген хабарламада.

Автопатрульдердің борттық нөмірлері, әлемдік полиция стандарттарына сәйкес нарядтарды тиімді басқару үшін артқы есіктерде және автокөліктің жүк салғышында орналасады.

"Полиция департаменттеріне патрульдік полиция саптық бөліністерінің барлық автокөліктерін ағымдағы жылдың аяғына дейін бекітілген стандартқа сәйкес келтіру тапсырылды", - деп хабарлады ІІМ-де.

Жаңа ақпараттық белгілерді салуға қосымша шығындар талап етілмейді. Өзгерістер автокөлікті пайдалануға бұрын бөлінген қаражат есебінен енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы