Патронат тәрбиешілерге келесі жылы 121 мың теңге ақы төленуі мүмкін

23 Желтоқсан 2022, 18:27
1333
Бөлісу:
Патронат тәрбиешілерге келесі жылы 121 мың теңге ақы төленуі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі отбасына бала қабылдап асырайтын патронат тәрбиешілерге төленетін ақының нақты сомасын белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ

 Жоспарлы ақы мөлшері 35 АЕК-ті (2023 жылы – 120 750 теңге) құрайды. 

Патронат тәрбиешілер білім беру ұйымдарының қызметшілері болып табылмайды, жұмысқа қабылданбайды, оларға еңбек демалысы берілмейді, бірақ олар бала тәрбиелеу бойынша қызметтер көрсетеді. Олардың қызметтеріне ақы төлеу мөлшері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің жалақысының мөлшерінен айқындалған,-  делінген жобада. 

Бұйрық жобасы 10 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы