Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пәтерді жалға алушыларды қандай жағдайда шығарып жіберуге болады?

Нұрқанат Атажан
22 Тамыз 2025, 17:47
798
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстандықтарға қандай жағдайларда үй иесі сот арқылы пәтерден шығара алатыны еске салынды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Заңгер Бахытбек Қасымбековтың krisha.kz-ке берген пікірінше, ең жиі кездесетін себептердің бірі – жалдау ақысын жүйелі түрде төлемеу.

Егер төлем екі айдан асып кешіктірілсе, пәтер жалдаушыны шығару заңды, – деді Қасымбеков.

Сондай-ақ себеп ретінде мүлікті бүлдіру, көршілердің құқықтарын бұзу немесе пәтерді мақсатынан тыс пайдалану (мысалы, кеңсе не қойма ретінде) болуы мүмкін. Егер жалдау шарты мерзімі аяқталып, ол жазбаша түрде ұзартылмаса, иесі тұрғындарды босатуды талап етуге құқылы.

Шығару процедурасы екі жолмен жүзеге асады.

Көбінесе тараптар бейбіт келісіп, жалға алушының пәтерді босатуы тиіс мерзімді белгілейді. Егер келісімге келе алмаса, меншік иесі жазбаша хабарлама жіберіп, сотқа жүгінуі тиіс, – деп түсіндірді заңгер.

Ол коммуналдық қызметтерді өз бетінше өшіру, құлыптарды ауыстыру немесе жалға алушының заттарын лақтырып тастау – заңды бұзу екенін баса айтты.

Сондай-ақ заңгер шартта алдын ала уақытында шықпағаны үшін айыппұл санкцияларын енгізуді ұсынады.

Мәселен, бұл әрбір кешіктірілген күн үшін ай сайынғы жалдау құнының 1%-ы немесе белгіленген өтемақы сомасы болуы мүмкін, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы