Пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Бөлісу:
Пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Фото: pixabay.com

Жаңа салық кодексіне байланысты тұрғын үй бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін құрылыс компаниялары көптеген салықтық жеңілдіктер алып келген еді. Ал енді бюджет тапшылығына, жаңа салық кодексіне байланысты құрылыс компанияларына 12 пайыздық салық енгізіледі. Ол айналып келгенде қарапайым халықтың қалтасына салмақ болады, – деп түсіндірді депутат.

Мұқаев қазір құрылыс компаниялары коммерциялық нысаннан ғана салық төлеп отыр.

Ал сатқан үйлерінен салық төлемейді. Енді үкімет осы жеңілдікті алып тастауды жоспарлап отыр, - деп айтты Мәжіліс депутаты.

Өзгелердің жаңалығы