Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пашинян діни қызметкерлерге айтқан сөздері үшін кешірім сұрады

18 Тамыз 2025, 04:27
416
Бөлісу:
 Илья Питалев / ТАСС
Фото: Илья Питалев / ТАСС

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армян апостолдық шіркеуінің діни қызметкерлеріне қатысты орынсыз сөздері үшін кешірім сұрады. Дегенмен ол айтқан ойындағы саяси және рухани принциптерін өзгеріссіз қалдыратынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ EA Daily порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін Арменияның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссиясы Пашинянның 30 мамырдағы әлеуметтік желідегі жазбасында мінез-құлық кодексінің 48-бабы бұзылғанын мойындаған болатын. Комиссия премьердің діни қызметкерлердің некесіздік антын сақтау мәселесін көтеруге құқығы бар екенін атап өтті. Алайда оны жеткізу барысында қолданған сөздер мемлекеттік қызметкердің этикасына сай келмейді деп қорытынды жасалды.

Мәселенің туындауына Пашинянның діни қызметкерлерге қатысты әдепсіз, тұрпайы сөз қолдануы себеп болды.

Менің кешірім сұрауым комиссия шешім қабылдаған нақты екі сөз тіркесіне қатысты. Бірақ осы тақырыпқа байланысты саяси, рухани және моральдық принциптерім, сондай-ақ оларға жету жолындағы ерік-жігерім өзгермейді. Бұл – Армения Республикасының саяси, құқықтық және рухани қауіпсіздігі үшін маңызды, – деді Пашинян.

Өзгелердің жаңалығы