«Парыз-2022» республикалық байқауы бастау алды

16 Мамыр 2022, 13:47
2226
Бөлісу:
«Парыз-2022» республикалық байқауы бастау алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.  Байқау екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады. 

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым («Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Үздік ұжымдық шарт») бойынша өзара үздікті анықтайды. 

Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.    

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпкерлерді «Парыз» байқауына қатысуға шақырады.

Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына немесе Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, сондай-ақ ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік басқармасына 8 (7172) 74-35-11 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы