Сайлау-2021: Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам адам дауыс береді

10 Қаңтар 2021, 08:05
1281
Бөлісу:
Сайлау-2021: Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам адам дауыс береді

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ.  Республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің 16 тергеу изоляторында орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін жабық сайлау учаскелері құрылды, онда 5 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының кезекті парламенттік сайлауында дауыс беруге қатысып жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын, үкімі заңды күшіне енбеген ҚР кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығына ие.

Сайлау процесі өтетін үй-жайларда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілген.

Сайлау процесіне қатысушылар барлық қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтаған.

Биылғы  5 қаңтардағы жағдай бойынша қызыл және сары аймақтарда болған өңірлерде сайлау комиссиясының барлық мүшесі, оның ішінде байқаушылар да алдын ала ПТР-сынамасын тапсырды. 

Сонымен қатар, жабық сайлау учаскелеріне кіру тергеу изоляторларының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді.

Қазіргі уақытта республиканың тергеу изоляторларында 6 мыңға жуық адам бар.

Өзгелердің жаңалығы