Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында үлкен қошемет көрсетілді.
Отырысқа жиналғандар залға кірген Нұрсұлтан Назарбаевты үлкен қошеметпен қарсы алып, бірнеше минут қол соқты. Одан кейін, отырыс залына Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Қазақстан халқына ант берді. Осылайша, Тоқаев Президент қызметіне кірісті. Жаңа Мемлекет басшысына президенттік нышандар табысталып, әнұран орындалды.
Парламент отырысына саясаткерлер, Президент әкімшілігі, Парламент, үкімет өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысып отыр. Тарихи жиыннан шамамен 200-ге жуық БАҚ өкілі ақпарат таратуда.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев Президент өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы ол кеше Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты.