Парламент палаталарының бірлескен отырысы: Қандай мәселелер қаралады

21 Маусым 2024, 10:00
653
Бөлісу:
Парламент палаталарының бірлескен отырысы: Қандай мәселелер қаралады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілісте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент Палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауы жөнінде.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде.

3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).

4. Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы туралы.

Бірлескен отырысқа Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен басқа мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкімет Аппараты, Қазақстан Республикасының Конституциялық соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Ұлттық холдингтер және Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы