Мәжілісте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін бірлескен отырыстың күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бірінші оқылымда қаралады.