Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырысқа Сенаттан 45, Мәжілістен 96 депутат қатысып отыр.
Депутаттар Парламент палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібін дауысқа салып, бекітті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы бірлескен отырысының күн тәртібіне мынадай мәселе енгізілді.
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Өздеріңіз білетіндей, Конституциялық реформа заң жобаларын қабылдаудың жаңа тәртібіне байланысты бірқатар түзетуді регламентке енгізуді талап етіп отыр, - деп айтты Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.
Оның сөзінше, қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Парламент регламентіне өзгерістер енгізу мақсатында бірлескен комиссия құрылып, оның комиссиясы ретінде Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов сайланған болатын.